Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Дала құлпынайы мен банан қосылған жемісті батончик

Күлгін-сары түсті арман

Бала кезімізде дала құлпынайын теретініміз есіңізде ме? Оны табу оңайға соқпайды, ал сатып алу тіпті мүмкін емес. Дала құлпынайын іздеу — нағыз шытырман хикая. Құлпынай-банан дәмді ерекше жемісті батончик дайындап шығару үшін, біз оны сіз үшін жинап қойдық. Нәтижесінде тамаша десерт шықты! Дала құлпынайы мен банан қосылған жемісті батончик — кешкі кездесуде де десертке қоюға болатын тәтті. Жағалауда күннің батысын тамашалап серуендеп келе жатқандарыңызда бір-біріңізге құлпынай-банан батончигінің дәмін татқызыңыз. Ммм... Ғажап!

Нетто массасы: 30 г

Ресейде шығарылған

55
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Дала құлпынайы мен банан қосылған Energy Life жемісті батончигі – қарын ашу сезімін тиімді басып, «ақылды» көмірсулардың арқасында күш-қуатты тез қалпына келтіретін дәмді де пайдалы ас. Бұл қосымша дәрумендер көзі. Батончиктің құрамында ағзаға қажетті микроэлементтер мен жасунық бар. Energy Life — нағыз күннің астында піскен жемістердің табиғи дәмі. Жұмыста, мектепте немесе саяхатта жүрек жалғап алатын ас немесе тәтті ретінде таптырмас өнім.

Кімдерге арналған?

  • Пайдалы аспен жүрек жалғағанды ұнататындарға.
  • Қант қосылмаған тәттілерді жақсы көретіндерге.
  • Табиғи дәрумендер іздеп жүргендерге.
  • Балаларға, вегетариандарға, вегандарға.
  • Өте пайдалы. Әр батончиктің 98 %-ы жаңа терілген таңдаулы жеміс-жидектер мен жаңғақтардан тұрады.
  • Табиғи әрі қауіпсіз. Жеміс-жидектер табиғи жолмен пісіп (ГМА мен химикаттарсыз), өсіп-өнген жеріне жақын маңда өңделеді.
  • Балаларға пайдасы мол. Жасанды бояғыштар мен хош иістендіргіштер қосылмаған табиғи құрам. Қант қосылмаған*.
  • Жеңілдетілген технология. Жемістер 55 ℃-та баппен кептірілетіндіктен, құрамындағы дәрумендер, бағалы микроэлементтер (кальций, темір, натрий, магний), жасунықтар мен пектиндер сақталып қалады.
  • Дәмді әрі тез жүрек жалғап алуға арналған ас. Күш-қуатты әп сәтте қалпына келтіріп, кез келген жерде және кез келген уақытта «энергетикалық аштықтан» қорғайды.

* Шоколадты батончиктердің әйнекейіне қант қосылған.

Банан езбесі, жаңа мұздатылған дала құлпынайы, кептірілген алма, қараған шайыры (тұрақтандырғыш), калий сорбаты (консервант).

Тағамдық және энергетикалық құндылығы

100 г шаққанда

1 батончик 30 г-да

Калориялығы, ккал (кДж)

230 (960)

70 (290)

Ақуыздар, г

2,5

1

Майлар, г

0,4

0,1

Көмірсулар, г

53

16

Өнім толықтай пайдалануға дайын. Тағамның калориясын азайту үшін пайдалануға болады. Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. Табиғи өнімдердің құрамында сүйек бөліктері болуы мүмкін.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз