Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Energy Life

Granola Nuts

жаңғақ дәмі

Жаңғақ – құрамындағы өсімдік текті ақуыздың мөлшері бойынша рекордсмен, мультидақылдар қоспасы – жасунықтың мөлшері бойынша көшбасшы, ал SUPERFOOD COMPLEX – алмастырылмайтын дәрумендердің, минералдар мен амин қышқылдарының қайнар көзі. Енді осының бәріне жұмсақ қытырлақтық пен үгілгіштікті, жанға жайлы дәм мен тәбет ашар иісті қоссаңыз, таңғы аста тамақтануға және пайдалы аспен жүрек жалғауға таптырмас өнімді аласыз. Гранола бойыңызға сарқылмас энергия беріп, сергектік пен күш-қуатқа бөлеп, иммунитетті нығайтып, ағзаға пайдалы компоненттер жеткізеді. Гранола шаш пен тырнақтың, терінің сұлулығын арттырып қана қоймай, әр таңыңызды тамсанарлықтай тәтті етеді. 

150 гр

Ресейде шығарылған

190 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Үгілгіш гранола – жидектер мен жаңғақтар, кептірілген жемістер қосылған, піскен мультидақылдар қоспасы. Бұл – пайдалы таңғы асқа немесе жүрек жалғауға таптырмас дәмді, құнарлы әрі тиімді өнім. Гранола Superfood complex кешенінің құрамында чиа дәндерімен, спирулина мен хлорелламен байытылған, мұндай кешен табиғатта басқа еш жерде кездеспейді. Өнім тек қана табиғи өсімдік текті компоненттерден тұрады, оған бояғыштар мен хош иістендіргіштер, дәм күшейткіштер мен консерванттар қосылмаған. ГМА-сыз. Сондай-ақ гранола дегеніміз:

  • дәнді дақылдар – күрделі көмірсулардың, жасунық пен кальцийдің құнарлы көзі;
  • Омега-3,6,9 көзі;
  • жеміс-жидектер – табиғи дәрумендердің қайталанбас алуантүрлілігі;
  • мол жасунық мөлшері.

Кімдерге арналған?

  • Балалар мен ересектерге.
  • Денсаулығына мән беретіндерге.
  • Тамақтану әдеті мен салмағын қадағалап жүретіндерге.
  • Белсенді адамдарға.
  • Тез жүрек жалғап алуға үйреніп қалғандарға.
  • Тамақтану рационына ерекшелік қосқысы келетіндерге.
  • Құнарлы дақылдар, пайдалы табиғи жеміс-жидектер. 
  • Бояғыштар, хош иістендіргіштер мен консерванттарсыз табиғи құрам. 
  • Иммунитетті нығайтады. 
  • Метаболизмді жеделдетеді. 
  • Күні бойы энергияны қалпына келтіріп тұрады.
  • Жүйке жүйесін қорғайды. 
  • Ас қорытуды жақсартады. 
  • Көп қанықпаған майлы қышқылдардың көзі (Омега-3,6,9).
  • Күрделі көмірсулар, жасунық пен кальцийдің көзі. 
  • Мидың қорегін қамтамасыз етеді. 
  • Вегетариандарға сай келеді.

Белсенді компоненттер

Спирулина – құрамы дәрумендерге, минералдар мен антиоксиданттарға бай бірегей балдырдың бірі. Спирулина – өсімдік текті ақуыздың көзі: құрамының шамамен 65%-ы таза протеиннен тұрады. Сонымен қатар, жасыл балдыр ұнтағы – фитоцианин деп аталатын пайдалы антиоксиданттың жалғыз көзі, ол жасушалардың мутациясы мен ағзаның мезгілінен бұрын қартаюына жол бермей, жасушаларды бос радикалдардан зақымданудан қорғайды. Спирулина В тобының дәрумендеріне, А, С, D, E дәрумендеріне, сондай-ақ рибофлавин мен тиаминге және фосфор, калий, кальций, магний, мырыш, темір секілді микроэлементтерге бай.

Чиа дәндері – бағалы өсімдік талшықтарының көзі. Оның бар болғаны бір порциясы ағзаның тәуліктік жасуныққа мұқтаждығын өтей алады. Чиа дәндері линоль қышқылы мен Омега-3-ке, яғни A, D, E және K дәрумендерін жақсы сіңіруге көмектесетін майлы қышқылға бай. Чианың антиоксиданттық әсері бос радикалдардың 70%-ға жуық жағымсыз әсерінен қорғайды, бұл барлық азық-түліктердің арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі.

Хлорелла – хлорофилге бай бір жасушалы жасыл балдыр. Бұл зат ағзаның иммундық жүйесін тұрақтандырады, тіндердің жаңаруына және жаралардың тез жазылуына ықпал етеді, бактерияға қарсы әрекет етеді, қантүзілімді жеделдетеді, антиоксиданттық белсенділікке ие, токсиндерді бейтараптандырып, ағзадан шығарады. Сондай-ақ хлорелланың шамамен 60%-ы ақуыздан тұрады және нәрлілігі бойынша еттен кем түспейді. Хлорелла – темірдің көзі, оның құрамындағы C дәрумені ағзаның осы элементті жақсы сіңіруіне септеседі. Сонымен қатар, хлорелланың құрамында мол антиоксиданттар мөлшері, Омега-3 майлы қышқылдары, B тобының дәрумендері, калий, магний, кальций, мырыш, мыс, бета-каротин, пайдалы көмірсулар мен фолий қышқылы бар.

Құрамы: сұлы үлпектері, бидай үлпектері, қарабидай үлпектері, үлпек күріш, кептірілген шабдалы, кептірілген қауын, маракуйя жемісінің ұнтағы, SUPERFOOD COMPLEX (спирулина, хлорелла, чиа дәндері), сірне.

Тағамдық құндылығы

100 г-да

Ақуыздар

8

Майлар

12

Көмірсулар

60

Энергетикалық құндылығы ккал (кДж)

375 (1569)

 

Өнім пайдалануға дайын. Өнім құрамындағы компоненттерді көтере алмаған жағдайда қолданбаған жөн. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз