Старая версия сайта

Перейти
Occuba Professional

Balance ерлер сусабыны

майлануға бейім шашқа арналған

Арнайы ерлерге арналған сусабын шашты нығайтады және ас терісін емдейді, қайызғақтың пайда болуына жол бермейді. Ajidew® ZN-100 кешені шаштың мөлшерден тыс майлану себептерін жояды, май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді және балғындық сезімін ұзақ уақытқа сақтайды. 

250 мл-лік құты

690 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Balance сусабыны шаш майлылығының салдарымен емес, оның бас терісінегі май бездерінің шектен тыс секрециясы сияқты себебімен күреседі. Мәселені тиімді шеше отырып, сау шаш пен ылғалдық деңгейін қалыпқа келтіреді, осының арқасында шаш тазалығы мен саулығы ұзақ уақытқа сақталады.

  • AFG-System® патенттелген кешені бас терісінің құнарлануы мен ылғалдануын қамтамасыз етеді, сауықтырады.
  • Ajidew® ZN-100 қажетсіз тері майының түзілу мөлшерін айтарлықтай азайтады, бактерияға қарсы әсер береді және бас терісінің күйін жақсартуға септігін тигізеді, қайызғақтың пайда болуына жол бермейді. 

Кімдерге арналған?

  • Үй күтімінің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп 
    Қарапайым  сусабындардың 90%-ға жуығы  судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттары бар екенін ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдаудға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

AQUA; DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE; SODIUM COCOAMPHOACETATE; POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN; GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE; AFG-System® (FRUCTOSE, GLUCOSE, ALANINE, GLUTAMIC ACID, ASPARTIC ACID); PANTHENOL;HEXYLENE GLYCOL; PHENOXYETHANOL, ENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PARFUM (CITRAL, BENZYL SALYCILATE, COUMARIN, GERANIOL, BUTYLPHENYL METHYLPROPIONAL, CITRONELLOL, LIMONENE, ALPHA-ISOMETHYL IONONE); SUCROSE; UREA; DEXTRIN; ZINK PCA; HEXYL NICOTINATE; C.I.42.051.

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    OCCUBA® Professional сусабындарында негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    OCCUBA® Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қондициялағыш қоспа бар, соның арқасында OCCUBA® Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

  • AFG system
    Амин қышқылдары, фруктоза мен глюкозадан тұратын бұл бірегей кешен осы топтамадағы әр құралдың құрамына кіреді. Ол шашты қалпына келтіріп, созылғыш әрі икемді етеді.
  • AJIDEW® ZN-100
    Қажетсіз тері майының түзілу мөлшерін айтарлықтай азайтады, бас терісінің май балансын реттейді, коллагеннің бұзылуының алдын алады. Бактерияға қарсы әрекет ететін қасиеті бар. 

 

  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан соң жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 

Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін Balance сусабынымен бірге қолданыңыз:

  • Шашты жарқыратуға және көлем беруге арналған Rich бальзам-кониционері.
Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз