Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Қалыпты және құрғақ шашқа арналған сусабын

Тереңнен ылғалдандыру

Нағыз must have! Шашты тереңнен ылғалдандыруға арналған сусабын. Құрамындағы белсенді компоненттерінің арқасында шашты ауырлатпай құнарландырады. Нәтижесі – күшті, жарқыраған, серпімді және жібектей шаш. 

250 мл-лік құты

Ресейде шығарылған

310 ₽
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Қара қарақаттың хош иісі сезілетін сусабын қалыпты және құрғақ шаш үшін таптырмас өнім. Бас терісін сауықтырады, шаш түсу мәселесімен күреседі, құрғақтық пен сынғыштықтың алдын алады, кератин қабатын қалыпқа келтіреді. Жарқыратады, түзейді және шашты ауырлатпай, құнарландырады. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Өнім құрамы қауіпсіз. SLS пен парабендерсіз.
  • Ұтымды баға.
  • Үнемді: 10 аптаға дейін таза шаш.
  • Айқын нәтиже: жарқыраған, серпімді және жібектей шаштар*
  • Жылу әсерінен қорғайды.
  • УК сәулелерден қорғайды.
  • Антистатика әсері бар.

*Сусабынды бір айдан аса уақыт MUST HAVE шашты қалпына келтіруге арналған Бальзаммен бірге пайдаланған 35 әйел адамның арасындағы ерікті тестілеу нәтижелері бойынша. 

Белсенді компоненттер:

Қоңыр теңіз балдырларының сығындысы шашты ішінен қалыпқа келтіріп, оларға жұмсақ және жібектей түр береді, ылғал шығынынан және жылу әсерлерінен қорғайды (фен, үтік).

Бидайдың гидролизденген протеиндері шашты жақсы нығайтады, түбіне тереңдеп енеді және бос бөліктерді толтырады, шашты қарқынды ылғалдандырады, ылғал шығынына жол бермейді және статикалық кернеуді төмендетеді.

Ашытқы сығындысы шашты ішінен және сыртынан қарқынды құнарландырады, құрғақтықты тез жояды және коллаген түзілуіне септігін тигізеді, шаштың түсуін тоқтатады. Шашыңыз күшті әрі көлемді болып, тез таралады.

Пантенол шаштың ішіне тез еніп, барлық зақымдалған бөліктерді және ұштанған шаштарды қалпына келтіреді, керемет құнарландырады, ылғалдандырады және шашты УК сәулелері мен жоғары температуралардан қорғайды. 

Сусабынды ылғал шашыңызға уқалап отырып жағыңыз. Жылы сумен шайыңыз. Қажет болған жағдайда процедураны қайталаңыз. Тек сырттай қолдануға арналған. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз