Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Blonde сусабыны

ақшыл түсті шаштарға арналған

Сәнді блондтың салқын реңкін сақтау немесе оның табиғи сұлулығын ерекшелеп көрсету – оп-оңай! Табиғи және боялған ақшыл түсті шаштарға арналған Blond сусабыны сары және қызғылт сары реңктерді бейтараптандырып қана қоймай, шашты ұзына бойына қоректендіріп, құрылымын қалпына келтіріп, табиғи жылтырын күшейтеді. Сульфат қосылмаған коллагенді негіз бен белсенді компоненттер шаштың құрғауы мен ұшының ұшталуы секілді мәселелерді шешсе, патенттелген AFG system® кешені бас терісін сауықтырады. Сұлулығыңызды табиғи түрде жарқыратыңыз!

Германияда шығарылған

250 мл-лік құты

690

Blonde сусабыны ақшыл түсті шаштардың сарғылттану мәселесін тиімді шешеді. Сусабынның арнайы таңдалған формуласы шаштың бай да қанық түсі мен жылтырын қалпына келтіруге көмектессе, коллагенді негіз бен белсенді компоненттер шаштың құрғауы мен ұшталуының алдын алады. Патенттелген AFG system® кешені бас терісін сауықтырып, оны қоректендіріп, ылғалдандырады.

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттер 5 есе көп 
    Қарапайым сусабындардың 90%-ға жуығы судан тұрады және бар болғаны 10% пайдалы заттармен қамтылғанын ескерсек, Occuba Professional 50% белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан да қарқынды қалпына келтіру мен көзге анық байқалатын әсерді қамтамасыз етеді.  
  • Қауіпсіздік
    OCCUBA® Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. OCCUBA® Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    OCCUBA® Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды.  Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Неміс сапасы
    OCCUBA® Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    OCCUBA® Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. Оларды таңдауға арнайы шақыртылған ғылыми қызметкер, м. ғ. д., жоғары санатты дерматолог дәрігер, РҒА СБ клиникалық және эксперименттік лимфология ҒЗИ қызметкері – Свечникова Наталья Николаевна қатысты. ​

AQUA, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, HEXYL CINNAMAL, BENZYL SALICYLATE, D-LIMONENE, LINALOOL, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE, GLUCOSE, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE, GLUTAMIC ACID, ASPARTIC ACID, HEXYL NICOTINATE, CITRUS LIMON PEEL EXTRACT, CHAMOMILLA RECUTITA FLOWER EXTRACT, OLEA EUROPAEA (OLIVE) LEAF EXTRACT, CI 60730, PARFUM (FRAGRANCE).

Алақанға аздаған сусабын құйып, оны көпіршітіп, жеңіл көбікке айналдырыңыз. Сусабынды шаштың ұзына бойына біркелкі етіп жағыңыз. Бас терісін 30 секундтай жеңіл қимылмен уқалаңыз. Жылы сумен мұқият жуып тастаңыз (2 минуттан кем емес). Қажет болса, тағы бір қайталаңыз. 

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз