Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Normal коллагенді сусабыны

Қалыпты және құрғақ шашқа арналған

Жібек протеиндері мен авокадо сығындысы қосылған Occuba® коллагенді сусабыны шашты ұқыпты тазартып, бас терісін сауықтырады, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби шаш күтімінің әсеріне қол жеткізе аласыз.

250 мл-лік құты

Германияда шығарылған

830
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Normal сусабыны шашты ұқыпты тазартып, бас терісін сауықтырады. Оның құрамындағы белсенді компоненттер шашқа күтім жасап, оның құрылымын қалпына келтіреді. Бұл сусабынды тұрақты түрде пайдаланатын болсаңыз, шашыңыз бұрынғыға қарағанда әлдеқайда күшті әрі сау бола түседі.

AFG-System® аминқышқылды кешені шашты ылғалдандырып, құрылымын қайта қалыптастырады. 

Жібек протеиндерінің арқасында шашыңыз жылтырап, көлемі ұлғайып, созылымдығы артады, электрленуі басылады (антистатик). 

Авокадо сығындысы шаш пен бас терісін ылғалдандырып, қоректендіреді, терінің қорғаныш механизмдерін нығайтады, мерзімінен бұрын қартаю процестерін баяулатады. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Сульфатсыз сусабын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттерге бай
    Occuba Professional құралдарының құрамында 20-ға жуық белсенді компоненттер бар, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби күтімге қол жеткізе аласыз. Occuba сусабындарының негізі судан емес, коллагеннен құралған. Гидролизденген биобелсенді коллаген су секілді ББЗ-ды ерітіп қана қоймай, шашты тазарту сатысында-ақ қарқынды күтім көрсетуді бастап кетеді.
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. Occuba Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Қайталанбас хош иістендіру тәсілі
    Иіссу нарығындағы көшбасшы – «Аржевиль» компаниясы (Франция) әзірлеген танымал хош иістер.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген.

AQUA, DISODIUM LAURETH SULFOSUCCINATE, SODIUM COCOAMPHOACETATE, POTASSIUM COCOYL HYDROLYZED COLLAGEN, GUAR HYDROXYPROPYLTRIMONIUM CHLORIDE, PANTHENOL, PROPYLENE GLYCOL, HEXYLENE GLYCOL, FRUCTOSE*, GLUCOSE*, SUCROSE, UREA, DEXTRIN, ALANINE*, GLUTAMIC ACID*, ASPARTIC ACID*, HEXYL NICOTINATE, PERSEA GRATISSIMA FRUIT EXTRACT, ALCOHOL, HYDROLYZED SILK, PHENOXYETHANOL, BENZOIC ACID, DEHYDROACETIC ACID, PARFUM (FRAGRANCE): BENZYL ALCOHOL, HEXYL CINNAMAL, LINALOOL, BUTHYLPHENYL METHYLPROPIONAL, CI 19140.

* AFG-System®.

Сусабынның негізі

  • Жұмсақ ББЗ
    Occuba Professional сусабындарына негізгі жуғыш зат ретінде Disodium Laureth Sulfosuccinate – теріні тітіркендірмейтін жұмсақ ББЗ қосылады. Бұл бейионогенді ББЗ-ны әдетте ақылды сабын деп атайды, себебі ол терінің қорғаныш қабатын зақымдамай, бас терісінің бетіндегі кір мен майды кетіреді. 
  • Коллагенді негіз
    Occuba Professional сусабынының құрамында шашты қалпына келтіруге пайдасы зор, коллаген негізіндегі Potassium Cocoyl Hydrolyzed Collagen компоненті, және кокос пен пальмоядро майынан жасалған өсімдік майлары бар.
  • Кондициялайтын қоспа
    Өнім құрамында арнайы қондициялағыш Guar Hydroxypropyltrimonium Chloride қоспасы бар, соның арқасында Occuba Professional сусабындарын кондиционерсіз-ақ қолдана беруге болады, шаш оңай таралып, реттеледі.

Белсенді компоненттер

AFG-System® – топтамадағы әр құралдың құрамына кіретін, фруктоза мен глюкозадан және амин қышқылдарынан құралған бірегей кешен.  Бұл кешен шашты қалпына келтіріп, оны едәуір созылғыш әрі иілгіш етеді.

PANTHENOL (пантенол) ылғал ұстағыш, жұмсартқыш және ылғалдандырғыш қасиеттерге ие тамаша құрал, ылғалдандырғыш әсерді ұзақ уақыт сақтай алады. Сондай-ақ, бұл кумулятивті эффект болып табылады, яғни пантенол қосылған өнімдерді қолданған сайын әсері күшейе түседі. Оның үстіне, бұл компоненттің шаштағы ылғалды сақтау қабілеті шашты фенмен кептіргенде де сақталатынын атап өткен жөн.

PERSEA GRATISSIMA FRUIT EXTRACT (авокадо жемістерінің сығындысы) жаңа піскен авокадо жемістерінен алынады. Құрамы майлар, дәрумендер, микроэлементтер, өсімдік балауызы мен лецитинге бай. Жұмсақ консистенциялы, тіндердің тереңіне жақсы енеді. Терінің қорғаныш механизмдерін күшейтіп, мерзімінен бұрын қартаю процесін баяулатады.

HYDROLYZED SILK (жібек протеиндері) жұмсақ, бірақ аса тиімді ылғал ұстағыш қабілетінің арқасында шашты ылғалдандырғыш құрал ретінде пайдалануда тамаша әсер береді, ылғал деңгейі төмен болғанда шашты қатты құрғатып жібермейді. Жібек протеиндері шаш пен терінің бетіне тұрақтап, шашты еш ауырлатпаcтан үлбіреген қорғаныш қабықшасын түзеді. Осының арқасында шаш жылтырап, көлемі ұлғайып, иілгіштік қасиеті артып, электрленуі басылады (антистатик).

  • Алақаныңызға кішкене сусабын жағып, көпіртіңіз. 
  • Сусабынды шаштың ұзындығы бойынша біркелкі жағып шығыңыз. 
  • 30 секундтай бас терісін уқалап, массаж жасаңыз. 
  • 2 минуттан аса жуып, шайыңыз. 
  • Қажет болса, процедураны тағы бір қайталаңыз. 

Өнім туралы пікірлер Normal коллагенді сусабыны

Сіздің тұрғылықты жеріңіз