Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Occuba Professional

Шаштың ұшына жағатын Silk Oil майы

Ұшталған және сынғыш шашты қалпына келтіруге арналған

Шашқа теңдессіз ылғал мен жылтыр беретін тамаша май. Шаштың құрғақтығы мен ұшталуын әп сәтте жойып, шаштың құрылымын ауырлатпай қалпына келтіреді. Шаш бірінші қолданғаннан-ақ әдемі, ылғалданған, жылтыр болып шыға келеді. 

50 мл-лік құты

Германияда шығарылған

790
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Бағалы бадам, арган және лаванда майлары ұшталған және сынғыш шаш мәселесін шешеді. Бұл майлар бас терісіндегі қабыршақтарды суарып, шашты фен мен шаш үтігінің ыстығының әсерінен қорғайды. Шашыңыз ауырламай, жұмсарып, тегістеліп, жылтырап шыға келеді. 

Кімдерге арналған?

  • Үйде жасалатын күтімнің кәсіби деңгейде болғанын қалайтындарға.
  • Шашының сау әрі күшті болғанын қалайтындарға.
  • Қосымша күтім құралдарын іздеп жүргендерге.
  • Өнім құрамының қауіпсіз болғанына мән беретіндерге.  
  • Белсенді компоненттерге бай
    Occuba Professional құралдарының құрамының 50 %-ы белсенді компоненттерден тұрады, сондықтан сіз үйде отырып-ақ сұлулық салонындағыдай кәсіби күтімге қол жеткізе аласыз.
  • Неміс сапасы
    Occuba Professional құралдарын сусабынның отаны саналатын Германиядағы JoJo Hairсosmetics компаниясы жасап, әзірлейді. Бұл компания 30 жылдан астам уақыт (1983 жылдан бері) шаш күтіміне арналған кәсіби косметикаларды шығарып келеді, сондай-ақ олардың өз зерттеу орталықтары мен зертханалары бар.
  • Қауіпсіздік
    Occuba Professional-дың барлық өнімдерінің құрамында SLS тобының зиянды беткі-белсенді заттары, зиянды консерванттар, формальдегидтер мен парабендер жоқ. Occuba Professional-да қолданылатын жұмсақ жуғыш негіз – кокос пен пальма майларына негізделген ББЗ – бас терісінің қорғаныш қабатын зақымдамай әрі оны тітіркендірмей, шаштағы май мен кірді кетіреді.
  • Айқын нәтиже
    Occuba Professional құралдары шашты ұқыптап тазалап қана қоймай, ылғалдандырып, қоректендіріп, жылтыратады, шаштың құрылымын қалпына келтіріп, бас терісіне күтім жасайды. Бұл құралдардың жинақтаушы әсері бар, яғни шашыңыз күн сайын жақсара беретін болады. 
  • Қайталанбас хош иістендіру тәсілі
    Иіссу нарығындағы көшбасшы – «Аржевиль» компаниясы (Франция) әзірлеген танымал хош иістер.
  • Әр шаш түріне арналған дербес шешім
    Occuba Professional коллекциясында кез келген шаш түрін күнделікті күтуге арналған құралдар бар. Шаш пен бас терісінің нақты мәселелерін шешу үшін, өнім құрамына қосымша белсенді компоненттер енгізілген. 

CYCLOTETRASILOXANE & DIMETHICONOL, CYCLOPENTASILOXANE, PRUNUS AMYGDALUS DULCIS OIL, ARGANIA SPINOSA OIL, PERSEA GRATISSIMA FRUIT EXTRACT, PEG-40 HYDROGENATED CASTOR OIL, PARFUM (FRAGRANCE): LAVANDULA ANGUSTIFOLIA OIL, LAVANDULA HYBRIDA OIL, LINALOOL, LINALYL ACETATE, COUMARIN, CITRONELLOL, LIMONENE.

Белсенді компоненттер

  • PRUNUS AMYGDALUS DULCIS OIL (тәтті бадам майы) шаштың құрылымын ішінен қалпына келтіріп, қарқынды түрде қоректендіріп, тереңнен ылғалдандырады, шашты жылтыратып, жібектей жұмсартып, тегістейді, шашты ультракүлгін сәулелері мен қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды, шаштың құрғап, сынуының алдын алады. Шашыңыз әп сәтте сау әрі әдемі болып шыға келеді. 
  • ARGANIA SPINOSA OIL (арган майы) шашқа қоректік элементтер береді, ұшталған ұштарды тегістеп, түзейді, шаштың құрылымына жақсы енеді, табиғи ламинат іспеттес қорғаныш қабықшасын түзеді, шаштың ұшталуын болдырмайды, шашты тереңнен ылғалдандырып, жұмсақ, жылтыр әрі икемге көнетіндей етеді. 
  • LAVANDULA OIL (лаванда майы) шашқа күш, созылғыштық және табиғи жылтыр секілді қасиеттерін қайтарады, зақымдалған бөліктерді тез қалпына келтіріп, шаштың ұшталуының алдын алады. 

Қолдану тәсілі: алақаныңызға майдан азғантай құйып, қыздырыңыз. Құрғақ шашқа ұшынан жоғары қарай шаш ұзындығының ортасына дейін жағыңыз. Жуып тастамаңыз. 

Қолдану жөніндегі нұсқаулар: аптасына 3–4 рет жағу керек. Тек шашқа жағып қолдануға арналған.

Жақсы нәтижеге жету үшін, Occuba топтамасындағы өз шашыңызға сәйкес келетін сусабын және бальзам-кондиционермен бірге пайдаланыңыз.

Өнім туралы пікірлер

Сіздің тұрғылықты жеріңіз