Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Smart Bakery

Smart Bread

Киноа, чиа және зығыр дәндері бар қарақұмық наны

Smart Bread — құрамында ақуызды кешені бар пайдалы нан. Тез арада және ұзақ уақытқа тоқтық сезімін сыйлайды. Иісі аңқыған үлпілдек консистенциялы нан өнімі: фигураңыз үшін алаңдамай жей берсеңіз болады. Әрбір тілімінде дәм мен калориялардың оңтайлы теңгерімі бар: порциясында бар болғаны 110 ккал! SmartBread — жай нан емес, «ақылды» нан! ED Smart көжесіне керемет қосымша.

Smart Bread — бұл:

  • Ағзаға мықты қуат беретін суперфудтар.
  • Бар болғаны 1 минутта дайын болатын дәмді нан өнімі!
  • Тез және ұзақ уақытқа тоқтық сезімін тудыру үшін құрамындағы ақуыздың көп болуы.
  • Дене сымбаттылығы және ойдың жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату үшін пайдалы майлар.
  • Наубайханадан шыққан секілді әрдайым жаңа піскен және иісі аңқыған нан.

 

High Protein (Протеині көп)/ Gluten free (Глютенсіз)

30 граммнан 3 саше

Ресейде өндірілген

290
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Киноа, чиа және зығыр дәндері бар жұмсақ әрі үлпілдек қарақұмық наны түскі асыңызға керемет қосымша болады. Сүйікті ED Smart көжесімен бірге пайдаланып көруді ұсынамыз.

Smart Bread — әрдайым жаңа піскен нан өнімі, бар болғаны 1 минутта оңай дайын болады. Артық салмақтан тиімді түрде арылып, оңтайлы салмақты ұстап тұрғысы келетіндер үшін керемет таңдау.

Кімдерге арналған?

  • Фигурасын күтетіндер үшін.
  • Тамақ әзірлеуге қолы тимейтіндер және тез әрленіп алғанды қалайтындар үшін.
  • Жақсы нан өнімін бағалайтындар үшін.
  • Дұрыс тамақтануды таңдайтындар үшін.

 

  • Protein Complex — иммундық жүйені нығайтуға және ағзаның жастығын сақтауға арналғаналмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдарының көзі.
  • Carbo Complex — энергияны толықтыру және ұзақ уақыт тоқ сезініп жүру үшін.
  • Кокос майы — Калория тапшылығы диетасы үшін ең пайдалы май, ол оңай сіңіріледі және май қорынажинақталмайды. Тез тоюға және көңіл-күйді жақсартуға ықпал етеді. Терінің, тырнақтың және шаштың сұлулығын сақтайды.
  • SF Complex — құрамында маңызды микроэлементтер мен дәрумендерге бай тағамдардан тұратын суперфудкешені.
  • Киноа дәндері — сергітетін және тыныштандыратын әсері бар маңызды алмастырылмайтын аминқышқыл- лизиннің көзі.
  • Зығыр дәндері — жасұнық және алмастырылмайтын маңызды омега-3 және омега-6 май қышқылдарының көзі. Олар ағзаны тазартуға көмектеседі және антиоксидантты әсерге ие.
  • Чиа дәндері — ас қорытуды қалыпқа келтіруге көмектесетін жасұнық көзі. Терінің жасқа байланысты өзгеруіне қарсы тұруға және иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі.

Құрамы: SF Complex (тұтас дәнді қарақұмық ұны, буландырылмаған қарақұмық жармасынан алынған қарақұмық ұны (жасыл қарақұмық), майсыздандырылғанзығыр дәндері, қара чиа дәндері, ақ киноаның дәндері), Protein Complex (сарысулық ақуыз концентраты, жұмыртқа ағының ұнтағы), Carbo Complex(мальтодекстрин, инулин, тапиока крахмалы), қопсытқыштар (натрий дигидропирофосфаты, натрий гидрокарбонаты, трикальций фосфаты), кокос майы, тағамдық тұз, қант түсі (бояғыш), хош иістендіргіштер, глюкоза сиробы, сүт ақуызы, эмульгаторлар (глицерин мен сүт және май қышқылдарының эфирлері, май қышқылдарының моно- және диглицеридтері), тотықсыздандырғыштар (рапс лецитині, альфа-токоферол, аскорбилпальмитат, лимон қышқылы).

Өндірісте балдыркөк, күнжіт тұқымдары, соя бұршақтары және олардың өнімдері қолданылады.

 

Тағамдық және энергетикалық құндылығы (орташа мәндер)

Құрғақ өнімнің бір порциясында (30 г)

% ҰТҚ*

Энергетикалық құндылығы, ккал / кДж

110 / 460

4,4

Ақуыздар, г

8

10,7

Майлар, г

2

2,4

Көмірсулар, г

14

3,8

Тағамдық талшықтар, г

1,4

4,7

* ҰТҚ (Ұсынылатын тәуліктік қабылдау) ТР ТС 022/2011

«Тамақ өнімдері олардың таңбалануы тұрғысынан»сәйкес, қосымша 2.

Пісірме табаққа 3 ас қасық бөлме температурасындағы су құйыңыз (30 мл), құрғақ өнімнің бір порциясын (30 г) қосып, біртегіс болғанша жақсылап араластырыңыз. Микротолқынды пешке салыңыз, орташа қуатта (420–450 Вт) 1 мин. (60 сек.) қойыңыз. Дайын нан өнімін сәл салқындатып, оның шеттерін пішіннің қабырғаларынан қасықпен немесе пышақпен мұқият бөліп шығарып алыңыз. Дайындалғаннан кейін бірден пайдаланыңыз.

Өнім туралы пікірлер Smart Bread

Сіздің тұрғылықты жеріңіз