Сайттың ескі нұсқасы

Аударым жасау
Smart GO

Smart GO «Апельсин – шоколад», 15 порций

Теңгерімді тамақтану

Апельсин кранчтері бар қаныққан асыл шоколад - таңдаулы дәмді бағалай алатындар үшін нағыз ләззат сыйлайы. Smart Go коктейльдерінің жаңа буынында сізді нәзік, үлпілдек консистенция мен кілегейлі реңк күтіп тұр. Біз сусынға сүт қосу арқылы оны жетілдіртік, сондықтан енді сізге коктейль жасау үшін тек су болса жеткілікті. Smart Go - белсенді өмір сүретін адамдар үшін теңгерімді тамақтану.

50 граммнан 15 саше

Ресейде өндірілген

Өндірісте балдыркөк, күнжіт тұқымдары және олардың өнімдері қолданылады.

2000
!Сыйлық шотынан төлеуге болады

Енді функционалды тамақ одан да ыңғайлырақ бола түсті: коктейль құрамында құрғақ сүт бар. Сізге Smart GO-ді дайындау үшін су ғана қажет.

Smart Go - белсенді өмір сүретін адамдар үшін теңгерімді тамақтану. Әрбір порциясында қаныққан дәм, үлпілдек жеңіл консистенция және мейлінше пайда.

Кімдерге арналған?

  • Арықтағысы келетіндерге.
  • Таңғы, түскі немесе кешкі асқа уақыты жоқтарға.
  • Дәмді және пайдалы тағамдар ұнататындарға.
  • Дұрыс тамақтануды таңдайтындарға.
  • Заманауи белсенді адамдарға.

Smart GO коктейльдері - теңгерімді тамақтану үшін қажет нәрсенің бәрін қамтитын ақылды тағам.

Protein Complex — өсімдік және жануарлардан алынған ақуыздар (50/50) аминқышқылдарының толық профилін түзеді, ол бізге денсаулық, иммунитет және қартаймау үшін қажет. Біздің ағзамыздың жасушалары бұл құрылыс материалынсыз өмір сүре алмайды.

Жылдам және баяу көмірсулар (палатиноз, мальтодекстрин, крахмал, декстроза) - бұл табиғи функционалды көмірсулар. Қуаттандырады және ұзақ уақыт бойына тоқ ұстайды.

Plant Complex — жоғары тиімділігі дәлелденген өсімдік сығындылары. Олар біздің дененің жасушаларын жойылудан сақтайтын және жастықты сақтауға көмектесетін антиоксиданттарға бай. Грифония сығындысы жүйке жүйесінің тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі, өсімдік ферменттерінің кешені ас қорыту процесін ынталандырады және қалыпқа келтіреді.

Фосфолипидтер (органикалық күрделі майлар) және кокос майы — жүйке жүйесінің қорек көзі. Олар зақымдалған жасушаларды қалпына келтіруге, қартаюды кешіктіруге, есте сақтау қабілетін жақсартуға және иммунитетті қолдауға көмектеседі.

VMP Complex — бұл иммундық жүйені нығайтуға және миды қоректендіруге, сондай-ақ күні бойғы жоғары белсенділікке жауап беретін, бірін бірі толықтырушы дәрумендер мен минералдардың теңдестірілген кешені.

ҚҰРАМЫ

 КЕШЕННІҢ АТАУЫ

ҚҰРАМЫНДА НЕ БАР

ЕРЕКШЕЛІГІ

НӘТИЖЕСІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Protein Complex

Ақуыздар кешені (Соя ақуызының изоляты, сүт ақуызының концентраты, сарысу ақуызының концентраты).

Өсімдік және жануарлардан алынған ақуыздар аминқышқылдарының толық профилін түзеді

• Ұзақ уақыт бойына тоқтық сезімі

• Аминқышқылдарының толық профилі

• Ақуыздың сіңуінің әр түрлі жылдамдығы

• Жасушаларға арналған құрылыс материалы

• Кальций көзі

Өсімдік және жануар ақуыздардың үш түрінің бірегей кешені - жасушалардың қоректенуіне, бөлінуіне және қалпына келуіне жауап бере отырып, олардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін негізгі материал. Әр түрлі белоктардың дұрыс үйлесуі арқасында Energy Diet аминқышқылдарға деген қажеттілікті қанағаттандырады. Құрамында 18 стандартты аминқышқылдары бар, оның ішінде барлығы орнын толтыруға келмейтіндері де бар: триптофан, фенилаланин, лизин, треонин, валин, лейцин, изолейцин және митионин, оларды ағза өздігінен түзе алмайды.

Көмірсулар

Палатиноза, мальтодекстрин

Табиғи функционалды көмірсулар

• Табиғи энергобустерлер

• Тез әрі ұзақ уақытқа тоқтық сезімі

• Керемет көңіл-күйдің қайнар көзі

• Миға арналған отын

• Жүйке жүйесі үшін қорек

ГИ 30 төмен сахарозадан түзілген табиғи ұзын көмірсулар, май қорларына жинақталмайды.

Крахмал 

Табиғи күрделі көмірсулар

Табиғи жылдам көмірсулардың ішіндегі ең пайдалысы, оған ыдыраудың қажеті жоқ, ол жылдам энергия тасымалдаушы және миға арналған отын. Ал бұл дегеніміз сіз белсенді шешім қабылдап және әрдайым өзіңізді сергек сезініп жүресіз деген сөз.

Декстроза 

Табиғи жылдам көмірсулардың ішіндегі ең пайдалысы.

Адам ағзасы көмірсуларды өздігінен синтездей алмайды, оларды сырттан алуы керек. Ағза тез көмірсуларсыз өмір сүре алмайды, әйтпесе сарқылу басталады.

Майлар

Лецитин (фосфолипидтер)

Биобелсенділігі жоғары күрделі қанықпаған май қышқылдары - адам ағзасына арналған отын, сонымен қатар жасуша мембраналарына арналған құрылыс материалы

• Қартаюды кешіктіреді

• Есте сақтау қабілетін жақсартады

• Адам ағзасына арналған отын

• Семіздіктің алдын алады

• Әдемі тері, шаш және тырнақ

Күрделі өсімдік майлары алмастырылмайды, өйткені ағза бұл заттарды өздігінен шығара алмайды, бірақ оларсыз жұмыс істей алмайды. Кешенді майлардың (фосфолипидтердің) мейлінше концентрациясы жүректе, мида, бауырда, сонымен қатар жүйке жүйесінің жасушаларында болады.

Кокос майы

Қаныққан өсімдік май қышқылдары - жүйке жүйесінің қоректену көзі, жылдам қуат пен көтеріңкі көңіл-күйдің қайнары.

• Иммунитетті қолдауға көмектеседі

• Жүрек-қантамыр жүйесін қоректендіреді

• Антиоксидантты және стресске қарсы әсерлерімен танымал

Кокос майында функционалды май қышқылдары бар (лаурин қышқылы, сонымен қатар пальмитин, каприн, каприл, стеарин, олеин қышқылдары). Ол оңай және тез сіңеді, ол май қорларына жинақталмайды. Ол спортшылардың тамақтануында кеңінен қолданылады, бұл калория тапшылығы диетасы үшін ең пайдалы май болып саналады.

Plant Complex

Инулин, бромелайн (ананас сығындысы), папаин (папайя сығындысы), бөрікгүл сығындысы, жалбыз сығындысы, грифония сығындысы, мангостин сығындысы, анар сығындысы, гүлшетен сығындысы

Еритін және ерімейтін тағамдық талшықтар (жасұнық).

Ақуыздың тез ыдырауына арналған өсімдік ферменттері.

Грифония - маңызды табиғи амин қышқылы L-триптофан амин қышқылының көзі.

Магниймен байытылған В6 дәрумені (инозит) тыныштандырғыш қасиетке ие, жүйке жүйесінің тепе-теңдігін сақтайды.

Табиғи антиоксиданттар.

• Ақуызды сіңіруге көмектеседі

• Май қыртыстарын ыдыратады

• Зиянды заттарды ағзадан шығарады

• Ішектерді тазалайды

• Аштық сезімін азайтады

• Ас қорыту жолдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіз

• Күйзеліс пен шаршаудан сақтайды

• Құрысуды жеңілдетеді

• Антиоксидантты қорғаныс

• Қартаюды баяулатады

• Жасушаларды жойылудан қорғайды

Өсімдік ферменттері ақуыздарды сіңіруге көмектеседі және май жасушаларын жағуға ықпал етеді, ал талшықтар мен пребиотиктер ішектерді тазартады, зиянды заттарды ағзадан шығара отырып, аштық сезімін азайтады. Жалбыз және бөрікгүл сығындылары токсиндерді ағзадан шығаруға ықпал етеді, антиоксиданттық және антисептикалық қасиеттерге ие, қартаю процесін баяулатады. Кешеннің компоненттері көңіл-күйді жақсартуға, құрысуды жеңілдетуге, сол арқылы стресс пен шаршаудан сақтауға көмектеседі.

VMP Complex

12 дәрумен + 11 минерал: А, Е, D3, B1, B2, B5, B6, B12, PP(B3), С, В9, калий, кальций, фосфор, магний, мырыш, темір, мыс, марганец, йод, хром, кремний

Ағзаның керемет әл-ауқаты мен тіршілігі үшін қажетті 23 өмірлік маңызды элементтер - 12 дәрумен мен 11 минерал.

• Қартаюды баялатады

• Иммундық жүйені нығайтады

• Миды қоректендіреді

• Жоғары белсенділікке көмектеседі

• Есте сақтау қабілетін жақсартады

Иммундық жүйені нығайтуға және мидың қоректендіруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ күні бойына жоғары белсенділікке жауап беретін бірін бірі толықтырушы витаминдер мен минералдардың теңдестірілген кешені. Ағзаның қоректік заттарға деген қажеттілігін толтыруға, оның қорғаныш функцияларын белсендіруге және зат алмасу процестерін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

Хош иістендіргіштер

Табиғиға ұқсас, яғни табиғидан айырмашылығы жоқ хош иістендіргіштер. Зертханалық жағдайда көшірмесі жасалған қосылыстар, табиғи хош иістендіргіштердің молекулалық құрамын толығымен қайталайды.

Тәттілендіргіш (натри сахаринаты)

Қауіпсіз қант алмастырғыш. Ол адам ағзасына сіңе алмайды және одан өзгермеген күйінде шығарылады. Кариесті қоздырмайды. Құрамында артық салмақ пен қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауын тудыратын калория жоқ.

 

Құрамы: Protein Complex (майсыздандырылған құрғақ сүт, соя ақуызының изоляты, сүт ақуызының концентраты, сарысу ақуызының концентраты), Carbo Complex (палатиноза, мальтодекстрин, инулин, жүгері крахмалы, декстроза), Fat Complex (кокос майы, глюкоза шәрбаты, сүт ақуызы, глицерин, сүт және май қышқылдарының эфирлері (эмульгатор), майсыздандырылған соя лецитині), VMP Complex (калий цитраты, трикальций фосфаты, кремний диоксиді, С дәрумені (аскорбин қышқылы), мырыш цитраты, темір фумараты, РР дәрумені (ниацинамид), Е дәрумені (токоферол ацетаты), калий йодиді, марганец аспарагинаты, В5 дәрумені (кальций D-пантотенаты), А дәрумені (ретинол ацетаты), мыс аспарагинаты, D3 дәрумені (холекальциферол), В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді), В12 дәрумені (цианокобаламин), хром пиколинаты, В2 дәрумені (рибофлавин), В9 дәрумені (фолий қышқылы), биотин (D-биотин) ), магний цитраты, В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді)), шоколадты мусс жасауға арналған қоспа (қант, үгітілген какао, майсыздандырылған құрғақ сүт, өсімдік майы (какао майын алмастырғыш), какао ұнтағы, сүт ақуызы, эмульгаторлар (моно- май қышқылдарының диглицеридтері, глицерин мен сірке және май қышқылдарының күрделі эфирлері, соя лецитині), 2-алмастырылған калий ортофосфаты (тұрақтандырғыш)), хош иістендіргіш, Plant Complex (ананас сығындысы, папайя сығындысы, бөрікгүл сығындысы, жалбыз сығындысы, грифония сығындысы, мангостин сығындысы, анар сығындысы, гүлшетен сығындысы), апельсин кранчі (қойылтылған апельсин шырыны, апельсин жұмсағы), какао ұнтағы, целлюлоза шайыры (тұрақтандырғыш), тара шайыры (тұрақтандырғыш), қант түсі (бояғыш), тәттілендіргіштер (натрий цикламаты, натрий сахаринаты).

Өндірісте балдыркөк, күнжіт тұқымдары және олардың өнімдері қолданылады.

Қарсы көрсетулер: ағзаның компоненттерді жеке қабылдамаушылығы.

Тағамдық және энергетикалық құндылығы (орташа мәндер)

Құрғақ өнімнің бір порциясында (50 г)

Құрғақ өнімнің бір порциясында (50 г) % ҰТҚ*

Энергетикалық құндылығы, ккал / кДж

190/790

8

Ақуыздар, г

17

23

Майлар, г

5

6

Көмірсулар, г

17

5

Тағамдық талшықтар, г

3

10

Витамины

А дәрумені, мг

0,2

25

E дәрумені, мг

2,5

25

D3 дәрумені, мг

1,25

25

C дәрумені, мг

15,0

25

B1 дәрумені, мг

0,35

25

B2 дәрумені, мг

0,1

  6,25

PP дәрумені, мг

4,5

25

B5 дәрумені (пантотен қышқылы) , мг

1,5

25

B6 дәрумені, мг

0,5

25

B9 дәрумені, мг

0,05

25

B12 дәрумені, мкг

0,25

25

Биотин, мкг

12,5

25

Минералды заттар

Калий, мг

620

18

Кальций, мг

250

25

Фосфор, мг

280

35

Магний, мг

100

25

Мырыш, мг

3,75

25

Темір, мг

3,5

25

Йод, мкг

37,5

25

 

 

% адекватты тұтыну деңгейі**

Марганец, мг

0,5

25

Мыс, мг

0,25

25

Хром, мкг

12,5

25

Кремний, мг

7,5

25

* ҰТҚ (Ұсынылатын тәуліктік қабылдау) ТР ТС 022/2011 «Тамақ өнімдері олардың таңбалануы тұрғысынан» сәйкес, қосымша 2.

* *    Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес, II тарау, 1-бөлім, 5-қосымша

Құрғақ өнімнің 1 порциясын (50 г) 200 мл бөлме температурасындағы суда сұйылтыңыз, жабық ыдыста (шейкерде) қатты шайқаңыз. Дайындалғаннан кейін дереу тұтыныңыз.

Қарсы көрсетулер: ағзаның компоненттерді жеке қабылдамаушылығы.

Коктейль сіздің жалғыз тамақ көзі болмауы керек. Күніне кем дегенде бір рет әдеттегі тамағыңызды ішіп, кем дегенде 2 литр су ішкеніңіз жөн. Жүкті әйелдер коктейль ішер алдында дәрігермен кеңесу керек.

Өнім туралы пікірлер Smart GO «Апельсин – шоколад», 15 порций

Сіздің тұрғылықты жеріңіз